Талдықорғанда қала күні аясында денсаулық фестивалі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда қала күні мерекесі аясында  денсаулық фестивалі өтті.  Шараға шаһардың  мектептері мен арнаулы және жоғары оқу орындарының ұжымдары, сондай-ақ спортты серік еткен қала тұрғындары бұл шараға белсене қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Жастар» спорт сарайы алдына жиналған мыңнан аса қатысушы «Жастар» саябағына дейін жүріп келіп, бірлесе жаттығу жасады. Жиылған жұртшылыққа танымал спорт ардагері Әлімғазы Райымбеков қария батасын беріп, спорттың адам өміріндегі маңызына тоқталды.
null 

«Менің осы жасқа дейін тік тұрып, тік жүруім спорттың арқасы. Өнерге де, киноға да осы спорттың арқасында келдім. Сондықтан, барлықтарыңызды спортпен шұғылдануға шақырамын! Кез келген мақсатқа спортпен бірге жету оңай», - деді Әлімғазы қария.

Талдықорған қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы атап өткендей, «Денсаулық фестивалін» қалалық әкімдік, денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп өткізуде. Аясында түрлі флеш-мобтар мен спорттық ойындардан қойылымдар жоспарланған. Ал, дәрігерлер өз кезегінде қала тұрғындарын саябақта қабылдап, денсаулықтарын түзеу бойынша ақыл-кеңестер беруде.
null 

Айта кету керек, Талдықорғанда қала күніне арналған мрекелік шаралар 8-ші қызркүйектен басаталды. Түрлі шығармашылық байқаулар,шеберлік сабақтары, ретро концерттер мен спорттық сайыстар, танымал тұлғалармен кездесулер, әлеуметтік нысандардың ашылуы, кәсіпорындардың тұсаукесерлері секілді көптеген шаралар биылғы мерекенің сәнін кіргізетін болады. Ал, негізгі мереке 30-қыркүйекте сағат 10-00-де қаланың орталығынан басталып, Жастар спорт сарайының маңы мен «Жастар» саябағында жалғасады.
null 

Соңғы жаңалықтар