Талдықорғанда ер адам асылып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында ер адам асылып қалды. Қайғылы жағдай 4-ші шағын ауданның ауласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. «Қазір аталған фактімен Талдықорған қаласының ІІБ полицейлері айналысуда. Сот алды тергеу басталды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат 15-16-лар шамасында болған.

Айта кету керек, асылып тұрған жігітті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберді.

Соңғы жаңалықтар