Талдықорғанда бата беру жарысы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда бата беру жарысында Көксу ауданының тұрғыны Данияр Оралбеков бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жеңімпазға 50 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етілді.

«Батагөй» жарысына 20 адам қатысты. Облыстық деңгейде өткен шара осымен екі мәрте ұйымдастырылуда.  Байқау шартына сәйкес қатысушылар үш түрлі бата берді. Оның ішінде екі бата кездейсоқ тәртіпте  қоржыннан асық алу арқылы таңдалды. Ал бір бата өзінің қалауы бойынша берілді.

Бата-тілек сөздерді қарияларымыздың барынша жете меңгеруін, бата мен тілекті шатастырмауды мақсат еткен шарада  келген ақсақалдардың ешқайсысы жүлдесіз қайтқан жоқ. Ынталандыру мақсатында  әрқайсысына 10 мың теңгеден қаржылай сыйлық табыс етілді.

null null  

Соңғы жаңалықтар