Талдықорғанда автобустың адамды қаққан сәті бейнежазбаға түсіп қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Біржан сал және Қабанбай батыр көшесінің қиылысы маңында автобус адамды қағып кетті. Оқиға бүгін кешкі сағат 18:00 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбада ер азамат жан-жағына қарамай жолды кесіп өтпек болғаны көрінеді. Қазір видео әлеуметтік желіге тарап, пікір қалдырушылардың басым бөлігі автобус жүргізушісінің кінәсіз екенін алға тартуда. Әзірге аталған факті бойынша Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі пікір білдірмеді.

Соңғы жаңалықтар