Талдықорғанда «Алтын бесік» атты 320 орындық балабақша ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қала күні мерекесі қарсаңында Талдықорғанда 320 орындық «Алтын бесік» балабақшасы ашылды.


null null
320 орындық мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде бой көтерді.

Айта кетейік, «Алтын бесік» балабақшасының құрылысы 2015 жылы тамыз айында басталған. Аумағы 2500 шаршы метр.

Балабақша мемлекеттік тапсырысқа енгізілген. 16 топ ашылып, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

null  

Тоқтала кететін жайт, Талдықорған бойынша 7998 бала мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. Балдырғандарды бақшамен қамту көрсеткіші 85,8 пайыз.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 87 пайызға жеткізу жоспарланған. Қала бойынша 16 мемлекеттік, 26 жекеменшік балабақша бар, 9 мектептің жанында шағын орталық жұмыс істейді.

null null  

Соңғы жаңалықтар