Талдықорғанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіш бюсті қойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда қала күні мерекесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіш бюсті қойылды. «Жастар» саябағында бой көтерген ескерткіштің салтанатты ашылу шарасына ақиық ақынның баласы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен туыстары және облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Мұқағали Мақатаев артына өшпес мұра қалдырды. Оның ақындығымен қатар адами қасиеттерін, терең білімділігін, Отанына деген кіршіксіз сүйіспеншілігін қадір тұтамыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ақын бюсті орнатылуының тұспа-тұс келуінде де үлкен мән бар. Мұқағали ақынның есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал. Өзі туған облыстың орталығында ақын бюстінің орнатылуының өзі рухани маңызы зор оқиға»,-  деп атап өтті құттықтау сөзінде облыс әкімі А. Баталов.

Ал ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы ескерткіштің ерекшеліктеріне тәнті екенін айтты.

«Алматыдағы ескерткіш әкемнің кемел жастық шағындағы ескерткіші болса, ал Талдықорған қаласында ашылып отырған ескерткіште әкемнің соңғы жылдардағы бейнесі бейнеленген екен. Тура әкеміздің  тұғырын тапқан ерекше ескерткіш болып тұр. Жылда  Алматыдағы ескерткіш басына ақындарымыз жиналып, өлең жырдан шашу шашады. Бұл игі дәстүр Талдықорғанда да өз жалғасын табады, қалалықтар рухани демалатын көрнекті орынға айналатынына сенімдімін»,- деді салтанатты шарада ақынның ұлы.

Тұғыры тұтас граниттен орнатылған. Бюсттің авторлары: Шоқан Төлеш пен Алтай Бейсенов. Бюст тұтас граниттен жасалған, биіктігі - 3,5 метр.

null

null  null null null null null  

 

Соңғы жаңалықтар