Талдықорғанда 7 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында жалпықалалық сенбілік басталды. Шара аясында қаланың бірқатар жерлеріне көшеттер отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жалпықалалық сенбілік ертең де жалғасады.

Ұйымдастырушылар осы аралықта қала бойынша 7 мыңға жуық көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Бүгін Қаратал өзенінің жағалауына 900 түп ағаш отырғызылды. Айта кету керек, аталған шара «Талдықорған - бақ қала жобасы» аясында ұйымдастырылуда.

null  

Соңғы жаңалықтар