Талдықорғанда 7 елдің ардагерлері воллейболдан сынға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында воллейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев пен «Жетісу» кәсіби воллейбол клубы жетекшісінің орынбасары Ришат Парманов баяндады.

Облыста биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнирде Қазақстанның түкпір-түкпірінде құрылған командалар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Бурятия, Литва сияқты мемлекетерден спортшылар  жарысқа түседі.

«Спорт - бұл ең әуелі салауатты қоғам қалыптастыратын, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет» - деді Т.Шарапиев.
null 

«Ұйымдастыру коммитетінде осымен үшінші мәрте отырыс өтіп, дайындық жұмыстары қаралды. Өтетін орынның дайындығы, медальдар мен кубоктың эскиздері бекітілді. Турнир Талдықорғанда өтетіндігімен мақтанамыз, қызықты әрі тартысты ойын болады. Сайысқа сақадай саймыз», - деді Р.Парманов.
null 

Жарыс жүлдегерлеріне медальдармен қатар I орын үшін - 1 млн теңге, I орынға - 700 мың теңге және III орынға 500 мың теңге  беріледі.

Жарыс 17 қарашада басталады. Ардагер воллейболшылардың тартысты турнирін көргісі келетін қауым үшін есік ашық.

 

Соңғы жаңалықтар