Талдықорғанда 1-ші топтағы мүгедектер жүргізуші куәлігін алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 1-ші топтағы мүгедектер емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алды. 

Мамандардың айтуынша,  мұндай азаматтар облысымызда алғаш рет арнайы құжатқа ие болып отыр. Яғни, бүгінге дейін тек 2-3 топтағы мүгедектерге жүргізуші куәлігі берілсе, бірінші топтағылардың қолы енді жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік жүргізу куәлігін алуда мүгедектер үшін еш жеңілдік жоқ. Өзгелер секілді медициналық тексеруден өтіп, іс-тәжірибелері мен теориялық білімдері сыналады. Тек кезексіз қызмет көрсетіледі», - дейді облыстық  халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Айна Файзулдина.
null

 Мүмкіндігі шектеулі жандар тізгіндейтін көліктің ерекшелігі қолмен басқару жүйесі болып отыр. Зауыттарда арнайы  құрылғыны орнату құны 800 доллар тұрады екен. Ал, мұндай жүйесі бар көліктер өкінішке орай Талдықорғанда санаулы. Шаһарда қолмен басқару жүйесі бар көліктің 15-і ғана бар. Олардағы басқару құралы зауыттікі емес, қолдан құрастырылған. Бұл аз,- дейді  «Ерлік» мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Ақжаркенова.  

Алға қойған мақсатына қол жеткізіп, көлікті тізгіндеуге отырған жандардың бірі Эльмира Смағұлова мен Роза Ақжаркенова.  Олар 1-ші топтағы мүгедектер. Арбаға танылған жандар  алдағы уақытта арнайы құрылғысы орнатылған көліктер саны Талдықорғанда  көбейсе деп тілейді.

null null 

Соңғы жаңалықтар