Талдықорған жылыту маусымына 90 пайыз дайын

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанды қыс мезгілінде жылумен 9 қазандық қамтамасыз етеді. Олардың ең үлкені - сағатына 289 Гкал жылу энергиясын өндіретін «Басқуат» қазандығы. Қаланың 80 пайызын жылумен қамтиды. Мұнда қазіргі кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бу және су қазандықтары жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала аумағында 170 шақырымнан астам магистральді жылу жүйесі бар. Биыл соның 10 шақырымнан астамын ауыстыру жоспарланған. 10-15 күннің ішінде жұмыстар толық аяқталмақ.

Талдықорғанның жылу маусымына дайындығы қазіргі кезде 90 пайызды құрап отыр.

«Талдықорған жылу сервисі» КМК басшысы Манархан Ахымбековтың айтуынша, қажетті көмір қоры жасақталған. 15-қазанға дейін 45 мың тонна көмір болуы керек. Қазір оның жартысынан астамы келген. Ал жалпы, 9 қазандық үшін бір жылға 200 мың тоннадан астам көмір қажет. Оның барлығы бекітілген кестеге сай жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар