Талдықорған тұрғыны Түркияға жолдама ұтып алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Бүгін Талдықорғанда бұрын-соңды болмаған жарыс ұйымдастырылды. Тұңғыш рет былғары қолғап шеберлері арасында өткен «Патриот» реалити шоуында жанкүйерлер де жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше көрермен  дәмханаға сертификат  ұтып алса,  ал ең басты жүлде - Түркия еліне екі адамдық жолдама болды. Мұндай тосын сый Талдықорғандағы өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің қызметкері  Әсем Әуелбековаға бұйырды.

«Мен көрермен ретінде келгенмін. Өзім бір қуаныш болатынын іштей сездім. Колледжде қарапайым жұмысшы болып істеймін. Осындай керемет жобаны ұйымдастырғандарға алғысым шексіз. Тамаша боксты көріп қана қоймай, Түркия еліне жолдаманы ұтып, енді ұлымыз екеуміз шетелге баратын болдық. Өте қуаныштымын», - деді талдықорғандық  Ә. Әуелбекова. 

 Айта кету керек, облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Патриот» реалити шоуына 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Тартысты додада Қаратал ауданының тұрғыны  Мирас Ертанов бірінші орынды қанжығалап, АҚШ-қа жолдама ұтып алды. 20 жастағы жеңімпаз Лас Вегас қаласындағы  Фредди Роучтың залында жаттығуға мүмкіндік алды. Ал  екінші орынды Райымбек ауданының тумасы Жақсылық Қырғызәлі, үшінші орынды Сарқан ауданының намысын қорғаған Саят Құдайберген жеңіп алды.

null

Соңғы жаңалықтар