Талдықорған тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3 жылға кесілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық соты 36 жастағы ер адамды заңсыз есірткі сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД өкілдерінің мәлімдеуінше, күдіктіні былтыр күзде ескірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

«Оның үйін тексеру кезінде полиция қызметкерлері 72 түп ерекше исі бар, жалпы салмағы 8 кг келетін (ерекше ірі мөлшер санатына жатады) жасыл түсті құрғақ өсімдікті тапты», - дейді тәртіп сақшылары.

Сот оны айыпты деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесіне үш жылға жапты.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Өңір полициясы 2018 жылы заңсыз айналымда жүрген 292 кг әр түрлі есірткі заттары, соның ішінде 2 кг героин тәркіленгенін мәлімдеді.

Фото: rating-news.ru

Соңғы жаңалықтар