Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызға азғындық сипаттағы хабарламалар жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы Талдықорған тұрғыны Whatsapp арқылы 11 жасар қызға азғындық сипаттағы хабарламалар жіберген.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қыркүйек айының соңында Қаратал аудандық полициясына Үштөбе аулының тұрғыны 11 жастағы қызына белгісіз ер адамның мессенджер арқылы түрлі азғындық сипаттағы хабарламалар жіберіп отыратынын айтып, шағымданған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің Оңтүстік Қазақстан облысына кеткені және өз туыстарына барып қайту үшін шекарадан өтпек болғаны анықталды. Осыған байланысты қызметтік іссапарға аттанған полицейлер ер адамды Шымкентте ұстады», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 124-бабы «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар