Талдықорған көшесінде 4 жастағы баланы ит талады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында балабақшадан қайтып келе жатқан 4 жастағы балаға ит тап берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа ғана 9 сыныпта оқитын ұлым кішкентай қызымды балабақшадан алып келе жатқанда көшедегі ит 4 жастағы қызыма тап беріп, тістеп алды. Абырой болғанда өтіп бара жатқан адамдар бірден баламды иттен арашалап, көмек көрсетіп, итті байлап тастады. Әйтеуір, куртканың қалыңдығынан бала жараланбаған. Бірақ қатты шошынып қалған. Қол-аяғы дірілдеп, өңі қашып кеткен. Ветеринарияға қоңырау шалып едім, әлі хабар жоқ. Сан сылтауды айтып, баламды қапқан итті үйіңізге байлап қойыңыз деп өзімді шошытты. Тек полицейлер келіп, иттің иесін анықтаймыз деді», - дейді талдықорғандық Шынар Серікқалиқызы.

Шынардың айтуынша, оқыс оқиға бүгін Талдықорғанда Балпық би мен Дарабоз ана көшесінің қиылысында болған. Қатты шошынған бала мен ана далаға шығудан үрейленіп отыр. Олар жауапты мамандардан қаланы қаңғыбас иттерден тазалауды сұрады.

Соңғы жаңалықтар