Талдықорған қаласының əкімдігіне саудагерлер тағы келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінен көше бойында сауда жасауға рұқсат сұрап, 20-шақты саудагер келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Несиеден көзі ашылмай, бала-шағаның қамымен жүрген олар наурыз айында сауда қыза түсетінін айтып отыр. Алайда, бұл жолы да əкімдіктен əдеттегі жауапты естіп қайтты. 
null  

«10 наурызға дейін Біржан сал және Гауһар ана көшелерінде сауда жасауға рұқсат берсеңіздер. Сауданың қызатын шағы. Өтелмеген несиелеріміз бар еді. Бір көмек болар еді», - дейді Маржан есімді саудагер.

Қала əкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жиналғандарға Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов жауап берген. «Кешіріңіздер, бірақ көшеде сауда жасауға рұқсат жоқ. Арнайы заң бар. Оның аясында, сауда тек белгіленген аумақта жасалуы керек. Оған бағынбаған азаматтар заң бұзушылар болып есептеледі және заң бойынша жауапқа тартылады. Сондықтан, арнайы сауда үйлерінде, белгіленген орындарда ғана сауда жасаңыздар!», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
null  

«Талдықорған қаласындағы заңсыз сауда мәселесі аса өзекті. Қала көшелерінде жабайы саудамен айналысып жүрген 40 шақты азаматпен үнемі жұмыс жасалып келеді. Оларға сауда үйлерінен, базарлардан жеңілдікпен орындар да ұсынылды. Алайда, саудагерлер орынға ақы төлегісі келмейді. Бір сөзбен айтқанда, заңға бағынғылары жоқ», - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гафур Кузубаев.

Бірақ саудагерлердің сөзінше, ұсынылған сауда орындары олардың көңілінен шықпайды. Баға қымбат, əрі барлық жағдай жасалмаған көрінеді.
null  

Соңғы жаңалықтар