Талдықорған қаласы Астанаға қарап бой түзейді -Амандық Баталов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының көпқабатты үйлерін абаттандыруда Астананы үлгі ететін болады. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қарамағындағылардан осыны талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құрылыс нысандарына ерекше мән беру керектігін ескерткен облыс басшысы көгалдандыруда ағаштардың, гүлзарлардың сәулетін де ескеру қажет екендігін айтты.

Амандық Баталов Астанаға барған сайын көшелерін суретке түсіріп мысал ретінде көрсететінін айтып, «мұндай даму үрдісі біздің қаламызды да айналып өтпеу керек» деп атап өтті.

Әкімдіктің кеңейтілген отырысында өңір басшысы жаңа ықшам аудандарда орта және шағын бизнестің дамуына жағдай туғызып, халыққа қызмет көрсету нысандарын ашу мәселесін де алға тартты.

Соңғы жаңалықтар