Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев қызметінен кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәліметті  Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Болысбекұлы растады. Оның айтуынша, Асқар Тұтыбаев өз еркімен жұмыстан кету жөніндегі арызын  қыркүйектің 14-і күні   жазған. Ал 15-ші қыркүйектен бастап А. Тұтыбаев жұмыстан босатылған.

Айта кету керек, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев пен Талдықорған  қаласы әкімінің экс-кеңесшісі Алмасбек Садырбаевтың арасында дау туындап, іс сотпен аяқталған болатын.

Қыркүйектің 18-і күні шыққан  сот  үкіміне сәйкес, Алмасбек Садырбаев  ҚР ҚК 380-бабы бірінші бөлігі  (билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленуші Асқар Тұтыбаев айыпталушыдан 10 млн. теңге моральдық шығын талап еткен болатын. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырды. Сотталушы Алмасбек Садырбаев Асқар Тұтыбаевқа 300 мың теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді. Енді Садырбаев қауіпсіздік деңгейі төмен түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар