«Талан» көркем фильмінің түсірілімі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Болат Қалымбетовтің «Талан» толық метражды көркем фильмін түсіруге кірісті, деп хабарлады киностудия баспасөз қызметінде, картина ҚР МСМ тапсырысы бойынша түсіріледі.

null null
Фильм ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, қазіргі сәтте материалдың жартысы түсірілді. «Бұл фильм XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы халық тарихының драмалық кезеңін бейнелейді. Фильмнің мақсаты - сол дәуірдегі адам образын ашу», - деп атап өтті Болат Қалымбетов түсіру алаңында журналистермен кездесу барысында.

Сценарийі   жазушы Жүсіпбек Қорғасбековтің «Қасқыр адам» повесінің желісімен жазылған. Әлеуметтік драма жанрындағы оқиға басты кейіпкер Тағайдың өмірінің қалыптасу жолын көрсетеді. Өткен ғасырдың 30-жылдары бейнеленеді. Жетім қалған екі баланың өмірі қалай қалыптасқанын уақыт көрсетеді. Бірнеше жылдан кейін достарымен кездесу екеуі үшін де кездейсоқ жағдай болады. Бұл - әскери диктатура кезеңінде адамның күнкөрісі қаншалықты қымбатқа түскені жайлы миф.

null null  

ФОТО: Максим Золотухин 

Соңғы жаңалықтар