Такси жүргізушісі 100 жолаушыны уландырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Останкинский соты тергеу амалдары қорытындысы бойынша шамамен 100 жолаушы құрбанына айналған такси жүргізушісін қамауға алды.

Жолаушы Карапетянның көлігіне отырғаннан кейін, ол алдын ала психотроптық зат ерітілген минералды су ішуді ұсынған. Жолаушы ес-түсінен айрылғанда, такси жүргізушісі оның ақшасы мен бағалы заттарын тонап отырған. Тергеу амалдары бойынша кем дегенде бір ер адам қайтыс болды делініп отыр. Оның денесі сәуір айында табылған. Сараптама қорытындысы ер адам өлімінің уландыру салдарынан  болғанын анықтады. Жедел қызметкерлер такси жүргізушісін бірнеше ай бойы бақылаған.

«Ресей ІІМ-інің Мәскеу бойынша бас басқармасының  қылмыстарды іздеу басқармасының жедел қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Оның көлігі Симферопольский тас жолының 21-інші шақырымында тоқтатылып, өзі ұсталды», - деді Ресей ІІМ-інің Мәскеу бойынша бас басқармасының ақпараттар және қоғаммен байланыс басқармасы басшысының орынбасары Юрий Титов. Такси жүргізушісіне қатысты екі бап бойынша айып тағылды: «Адам өміріне қауіпті денсаулығына зиян келтіру» және «Тонаушылық». 

Соңғы жаңалықтар