Таиландтағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың оңтүстігінде алапат тасқыннан ажал құшқандар саны 80 адамға жетті. Тағы 4 жергілікті тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Мұндай мәліметті Таиландтың төтенше жағдай департаментінің өкілдері хабарлады, деп жазады «Хабар 24».

Қаңтар айының басынан толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласқан. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Жақында күнгейдегі 7 провинцияның аумағында тағы жауын-шашын болуы мүмкін. Сонымен бірге Сиам шығанағында қатты толқын жүру қаупі бар, сондықтан құзырлы органдар шағын кемелердің жағада қалғаны дұрыс деп кеңес беріп отыр.

Құтқарушылардың айтуынша, елдің оңтүстігіндегі 12 провинцияда жүздеген мың үйді су шайып кеткен. Аталған аймақта 1 миллион 700 мың адам тұрады. Зардап шеккен шетелдік азаматтар туралы ақпарат жоқ. Жалпы мамандар алапат тасқыннан ел экономикасына 2 миллиард 800 миллион доллар шығын келуі мүмкін деп қауіптенеді.

Соңғы жаңалықтар