Таиландта қара түсті киім жетіспей жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд үкіметі ел королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты жаппай аза тұту салдарынан мемлекетте қара киімнің тапшылығы байқалатынын айтты. Бұл туралы «Гардиан» газеті жазды.

Үкімет қара киімнің бағасын өсіретіндерге  3 900 доллар айыппұл салынуы, сонымен қатар олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске сала кеткек, 13 қазанда Таиланд королі Пхумипон Адульядет 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 70 жылдан астам тақта отырып, қазіргі заманғы ең ұзақ билікте отырған монарх ретінде тарихта қалды.

Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты. Аза тұту кезінде Таиланд туристері мейрамханалар, бар, сауда орталықтары секілді ойын-сауық түрлеріне қатысты түрлі шектеулерге кез болуы мүмкін.

Ал, ҚР ИДМ қазақстандық туристерден Таиландтағы қайғылы шараларға байланысты құрмет белгісі ретінде сыпайы киінуді және ел алдында көңіл көтермеуді өтінді.

Соңғы жаңалықтар