Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Моңғолияның KAZNEW  порталындағы мәліметтерге негізделсек, бұл жолы  Сингапурлық режиссерлер Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсіруді қолға алмақ.

«Баян-Өлгей  аймағының Алтай ауылында өткен бүркітшілер фестивалін шетелден көптеген туристер келіп тамашалады. Олардың арасында Сингапурлық режиссерлер де келген болатын. Олар фестивальде төртінші орынды иеленген Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсірмек», деп жазады дереккөз.

Айгерім Әскерқызы  - Алтай ауылындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды. Сегіз жасында әкесімен бірге құсбегілік өнерді үйренген.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын АҚШ режиссерлері бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильм түсіріп, әлемге танымал еткен.

Соңғы жаңалықтар