TAG-Org ірі білім беру ұйымы Қазақстанда өкілдігін ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Әлемнің түрлі өңірлерінде кәсіби және білім беру қызметтерін көрсететін 80 өкілдігі бар «Талал Абу-Газале» (TAG-Org) оқыту  ұйымы Астанада өз филиалын ашуды жоспарлауда.

Бұл жайында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қатысты пікір білдірген  аталған ұйымның негізін қалаушы Талал Абу-Газале мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елінің және халқының дамуы мен әл-ауқатына қатысты болған кезде кез келген кішкентай ғана детальға айрықша мән беруімен белгілі Президент Назарбаев  өзінің тарихи сөз сөйлеуінде жаңғырту бағдарламасын жалғастырудағы міндеттемесін паш еткен болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей және көреген саясатының және барлық саладағы жинақталған жетістіктердің арқасында ел экономика, білім беру, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, инвестиция, қызмет көрсету, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, туризм, ауыл шаруашылығы, бизнес, банктік және саяси реформаларды дамыту жолында үлкен жетістікке жетіп отыр», - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Орталық Азиядағы халықаралық қызметтің барлық түрі үшін барынша тартымды орынға айналып келеді.

«Дегенмен, аталған үндеуде нақты көрсетілгендей, Президент ілгерілеу қарқыны көзге көрініп тұрса да бәріне аз қанағаттанып отырған сияқты. Мемлекет басшысы онан да зор жетістіктерді жоспарлап отырғандай. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты көрсетіп берген дамудағы өршіл жоспарлары барша қазақстандықтар үшін зор мақтаныштың себепкері, сонымен қатар басқа да елдер үшін модель болуы тиіс. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан Үкіметімен білім берудің кәсіби қызметі саласындағы әлемдік көшбасшы ретіндегі біздің ұйымның тәжірибесімен және ресурстарымен бөліскім келетіндігін айтпақпын. Президент Жолдауын тыңғылықты зерделей келе Астанада «Талал Абу-Газале Групп» филалын ашу қажеттілігіне сенімді бола түстім», - деп атап өтті  Талал Абу-Газале.

Соңғы жаңалықтар