Таеквондодан республикалық турнир Райымбек батырды еске алуға арналды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алматыда таеквондодан (WT) Райымбек батырды еске алуға арналған ашық республикалық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстан таеквондо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа қатысушылар балалар, кадеттер, жеткіншектер және ересектер арасында ҚР спорт шебері атағын орындау үшін бақ сынады.
null

Жарыс қорытындысында салмақ дәрежелері бойынша Мәди Аманбай (48 кг, Алматы қ.), Бекзат Лесбек (55 кг, Жамбыл), Ержан Әділхан (58 кг, Алматы), Олжас Ержанов (63 кг), Бейбарыс Жақып (68 кг, екеуі де Қаскелеңнен), Ерасыл Бекболат (73 кг, Алматы), Нартай Оразбаев (+73 кг, екеуі де Алматыдан), Әзірбек Қалжанов (80 кг, Қаскелең), Бауыржан Қасенов (+80 кг, Талдықорған) чемпион атанды. Сондай-ақ Әлима Қайдарова (44 кг, Алматы), Таңшолпан Қайыржанқызы (49 кг, Қаскелең), Фарида Байбатырова (55 кг), Дарина Оспанова (63 кг), Альбина Құлбаева (+63 кг, бәрі де Алматыдан), Әйгерім Қажымова (+67 кг, БҚО) және басқалар жеңіс тұғырына көтерілді.
null 

Таеквондодан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, батысқазақстандықтардан Әйгерімнен басқа Тамир Қуатов кадеттер арасында 49 кг салмақта үшінші орынға ілікті. Ал 2003-2005 жылғы таеквондошылар арасында Никита Ушаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, әйелдер арасында сынға түсіп жүрген Қазақстан құрамасының мүшесі Әйгерім Қажымова таяуда Астанада өткен ел чемпионатында екінші орынға көтерілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар