Табыс салығын азайтудан шығатын қаржы жалақыны көтеруге бағытталады - Премьер-Министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Табыс салығын азайтудан шығатын қаржы жалақыны көтеруге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екінші бастама - жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын  көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  айсайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшерін 1 пайыз болуын қамтамасыз етсін», - деді Премьер-Министр.

Бұл ретте Үкімет басшысы салықты азайтудан шығатын қаржыны олардың жалақысын көбейтуге бағытталуын қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

«Сондай-ақ табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеп, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Жауапты министр Сүлейменов (Ұлттық экономика министрі - авт.) Ерболат Асқарбекұлы (Үкімет басшысының орынбасары - авт.) сіздің бақылауыңызда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар