«Табаған» спорт кешені сатылатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «БанкЦентрКредит» АҚ «Табаған» спорт ойын-сауық кешенін сатуға дайын, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне банктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, банктің кешенді қарызына байланысты «Табаған» АҚ тоқтам салынған. 

«Біріншіден, банк «Табаған» нысанын пайдаға асыруды мақсат етіп отыр. Сондықтан, әлеуетті инвестордың кез келген ұсынысын қарастыруға әзір», - деді ҚазАқпарат тілшісіне.

Сонымен қатар, банк қызметкерлері қазіргі уақытта «Табаған» аумағында нысанның инфрақұрылымын қалпына келтіру және жақсарту үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталмақ.

Айта кетейік, «Универсиада-2017» дирекциясы «Табағанда» екі спорт сайысы өтетінін хабарлаған болатын. Дирекция универсиада үшін «Табағанды» 12 күнге жалға алады.

Соңғы жаңалықтар