Сырым Датұлының мерейтойы туған жерінде түйінделді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін қол бастаған атақты батыр, айтулы би-шешен әрі көсем Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар туған жері - Сырым ауданында мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Осыған орай Сырым еліне ат басын бұрған құрметті меймандар Алаш және С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін тамашалап, Алаш саябағында болып, гүл шоқтарын қойды.

Жымпиты ауылы шетіндегі тойтөбеде ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, дала сахнасында Сырым Датұлының отарлаушыларға қарсы күресін сипаттайтын театрландырылған көрініс қойылды. Отаншылдық рухтағы концерттік бағдарлама да жұртшылық назарына ұсынылды.
null

Мерекелік шараға жиналғандарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, игі тілегін жеткізді. «Сырым бабамыздың 275 жылдығына арналған шаралар Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Алашорда үкіметінің 100 жылдығымен тұспа-тұс келген осы мерейтойға орай Алаш музейі күрделі жөнделіп, жәдігерлері жаңартылды. Сондай-ақ Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қайта жабдықталды. Мұның бәрі елдің тарихына, ұлы тұлғаларына деген ұрпақ құрметін білдіреді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», деді облыс басшысы.
null

Ат бәйгесі, қазақ күресі және басқа ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Мысалы, аламан бәйгеде маңғыстаулық Әбдіғали Таңатаровтың тұлпары бірінші келсе, тасқалалық Бауыржан Мәмбетовтің сәйгүлігі екінші, ақтөбелік Ізбасар Жұмашевтің аты мәре сызығын үшінші болып қиды.  
null

Еске сала кетейік, үлкен аламан бәйгенің бас жүлдесіне 2 млн теңге тігілген болатын.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар