Сыртқы істер министрлігінің ең сұлу дипломат-аруы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Ару дипломат» сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған байқау 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық кешінің бір бөлігі еді. Оған министрліктің түрлі департаменттерінен көрікті де өнерлі 15 қызметкер қатысты. Байқау нәтижесінде олардың барлығы естелік сыйлықтармен марапатталды.
null null 

Қайырымдылық кешінде сондай-ақ аукцион ұйымдастырылды. Мәселен, қазақстандық суретші Сейсенхан Махамбетовтың суреті 50 мың теңгеге, қолдан жасалған тибеттік қанжар 25 мың теңгеге, Хилари Клинтон кітабы 9 мың теңгеге сатылды. Бұйымдарды сатудан барлығы 100 мың теңгеден астам қаражат жиналды.
null 

Одан бөлек, СІМ ғимаратында департаменттер қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Онда тағамдар мен сусындар, әлемнің түрлі елінен келген базарлықтар сатылымға қойылды.
null 

Жиналған қаражаттың барлығы Даун синдромы бар балаларға көмек көрсету мақсатында құрылған «Солнечный мир» оңалту орталығына аударылатын болады. ҚР СІМ «Солнечный мир» қоғамдық қорына бірнеше жылдан бері көмек көрсетіп келеді.

«Жыл сайын 120-дан астам баламен жұмыс істейміз. Үш ай сайын 30 бала тегін жаттығады. Бұған дейін бізді «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қаржыландыратын. Бірақ, біз пилоттық жоба болғандықтан, келісімшарт мерзімі аяқталды және қазір қосымша қаржы көзін іздестіріп жатырмыз», - деді қоғамдық қор президенті Евгения Чеботаревская.

Е. Чеботаревская балалардың жаттығуға күн сайын келетінін атап өтті. Олар логопед, дефектолог, еңбек терапевті, ойын терапевті, монтессори-педагогпен жұмыс ітейді. Сурет салу, музыка терапиясы, емдік дене тәрбиесімен айналысады және массаж курсынан өтеді.

Оның айтуынша, Астанада Даун синдромына шалдыққан 350-ден астам бала бар.

null null null null

Соңғы жаңалықтар