Сыртқы істер министрі шетелдіктерді Астананың 20 жылдық мерейтойына шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі  Қайрат Әбдірахманов шетелдік елшіліктер мен бизнес-қауымдастық өкілдерін Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл да Қазақстанда көптеген халықаралық іс-шаралар өтеді. Біз сіздерді елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлауға және белсенді қатысуға шақырамыз. Одан бөлек, жаз мезгілінде халықаралық инвесторлардың кезекті форумы, Ислам инвестициялық форумы және өзге де шаралар жоспарланған. Шілде айында Астана халықаралық қаржы орталығының ресми таныстырылымы мен инаугурациясы өтеді», - деді министр Астанада Қазақстандағы инвестициялық ахуалға арналған бірінші халықаралық бизнес-форумда.

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестициялар көлемінің ұлғайғанын атап өтті және қиындыққа тап болған шетелдік инвесторларға қол ұшын созуға әзір екендігін жеткізді.

«Қазақстандағы жеке секторда айтарлықтай күрделі мәселелер жоқ деп үміттенемін. Дегенмен, қазіргі уақытта бизнес-орта ерекше қарқынмен дамып келеді. Әріптесім Жеңіс Қасымбектен (ҚР Инвестициялар және даму министрі - ред.) 2018 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестициялар көлемі 40%-ке артқанын білдім. Сондықтан түрлі инвесторлық жобаларды жүзеге асыруда қандай да бір кедергілерге тап болсаңыз,  еш қысылмастан Министрлік (ҚР Сыртқы істер министрлігі - ред.) пен өзге меморгандарға сауал жолдаңыз. Сонымен бірге, дипломатиялық корпус пен бизнес-қауымдастықтың өзге де ұйымдары арқылы жүгінуге болады», - деп еске салды Қайрат Әбдірахманов.
null null 

Айта кетер болсақ, Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданған еді. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асырылды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
null 

Соңғы жаңалықтар