Сырдарияға көпірден секірген адам құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндерінің бірінде Қызылорда облыстық ТЖД кезекшісіне «Сыр ана» монументі маңында Сырдария өзеніндегі көпірдің үстінен, он екі метр биіктен белгісіз ер адам суға секіріп кеткені жөнінде қоңырау шалынған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жерге қайығы бар төрт құтқарушыдан жасақталған жедел құтқару тобы шықты. Оқиға орнына жеткен кезде, құтқарушылар ер адамның суға түсуге тыйым салынған жерде және мас күйінде көпірден секіріп кеткенін анықтады.

Ол жағаға жүзіп жете алмады. Қатты ағыс оны өзеннің ортасына алып кетті.

Құтқарушылар жедел қимылдап батып бара жатқан адамды құтқарып алып, жағаға шығарды. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жеткен жедел-жәрдем қызметкерлерге тапсырды.

Ер азамат есін жиғаннан кейін, құтқарушыларға жедел іс қимылдарына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Оұиғаның мән-жайын полиция анықтауда. 

Соңғы жаңалықтар