Сырдария өзенінде мұзға түсіп кеткен ер адам құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» Сырдария мұзына түсіп кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

null  

Облыстық Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен ескі базар жанындағы Қорқыт Ата ескерткішінің маңында белгісіз ер адам Сырдария өзенінің мұз бетіне шыққаны жөнінде хабар түседі. Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға жедел шығып кетеді. Сырдария өзенінің жағалауына жетіп, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Сырдария өзенінің сол жағалауына өтті. Онда мұз бетінде  жатқан ер адамды тапты. Құтқарушылар ер адамды арнайы құтқару тақтайшасының көмегімен оң жағаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен уақтылы алынған ақпараттың арқасында, адам өмірін сақтап қалды.

null 

Соңғы жаңалықтар