Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер су астында қалды. Тиісті атқарылған шараларға қарамастан Сырдария Қалжан ауылы аймағында дамбаны бұзып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Дамбаның Қалжан ауылынан 5,5 км аймақтағы бөлігінен су кетіп, 2,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығындағы жерлерді өзен суы басты. Бұл жерлердің 500 гектары күріш алқаптары, өзгелері жайылмалы жерлер мен егістік алқап. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Дамбаны су 29 қаңтарда-ақ жарып кеткен. Содан бері бұзылған жерді екі мердігер ұйым қалпына келтіруге тырысуда. Бұл дегеніңіз 60 адам мен 16 арнайы техника. Соған қарамастан 1300 метр аумақтағы жерді бекіту мүмкін болмай тұр.

«Сырдария ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі төтенше жағдайлар комиссиясының отырысын өткізді. Сырдария өзенінің облыс аймағын алып жатқан бөлігі 1274 км-ді құрайды. Осы алқаптың 1111 бөлігінде қалыңдығы 20-дан 60 см-ге дейінгі мұз қатқан. Оның астында 2-2,5 метр тереңдікте шұңқыр қалыптасып, су аға алмай, тасып жатыр»,-деп түсіндірді Қызылорда облысы мобилизациялық дайындық жөніндегі басқарма жетекшісі Ғабит Жанбаев.

Дамба 2-3 күн көлемінде жөнделуі тиіс, ал судан аймақ көктемде тазартылады.

Қазір өңірде ауа температурасы түнде -17 градусқа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар