Сыр өңірінде халықтың 80 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде халықтың 80 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп хаьбарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, орталықтандырылған ауыз суға қосылған ауылдық елді мекендер санын 80 пайызға жеткізу межеленген. Қазір облыстағы 260 ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл ауылдық елді мекендердің 74 пайызын құрайды, ондағы тұрғындар саны облыстағы барлық елді мекендегі халықтың 95 пайызын қамтып отыр (398 мың адам/417 мың адам). Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин мәлімдеді.
null 

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауыз су жүйелерін жаңғыртуға 5 жобаның құрылысы басталды. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі 280 мыңнан астам тұрғындардың ауыз сумен қамту жағдайы жақсарады. 2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен 36 жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігерлер анықталды. Бұл жобалардың құрылысы аяқталғанда нәтижесінде 2018 жылы 335 шақырым ауыз су құбырлары және 7,7 шақырым кәріз су жүйелері жаңғыртылатын болады.

2017 жылы облыстық бюджеттен Белкөл кентін газдандыру үшін қаржы қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырына бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасының құрылысына 2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
null 

2018-2020 жылдары 12 жоба бойынша ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылған. «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры)» құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурс жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы «Жаңақорған ауданы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС электрмен жабдықтау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ағымдағы жылы Қызылорда облысы Жанақорған ауданындағы қыш, ұсақ тас және темірбетон зауыты тұрақты электрмен жабдықталды.

«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеңі» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымы облыс бойынша өз деңгейінде өтті.

Білім саласындағы 464, мәдениет және спорт саласындағы 377, денсаулық саласындағы 336 нысанға және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 647 көпқабатты тұрғын үйлер жылумен тұрақты қамтамасыз етілді.

2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасымен 21 жобаға 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, 14,4 шақырым жылу жүйелері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу құбырларының тозуы 48 пайыздан, 44 пайызға немесе 4 пайызға төмендеді. Бұл жұмыстармен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасымен өткен жылы 4,1 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды, 2 газдытурбиналық қондырғыны күрделі жөндеуден өткізілді. 2017 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен, қайтарымды қаражат пен аудандық бюджеттен бөлінген 3,5 млрд теңгеден аса барлығы 160 үй жөндеуден өтті.

Соңғы жаңалықтар