11:42, 12 Тамыз 2017 | GMT +6
Сыр дарындары «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздары 2017 жылғы 17 маусым күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесулерінде "Сыр дарыны" медалімен марапатталған болатын.
Осы жиында талантты балаларға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға жолдама табысталған еді.
Енді міне, 9-14 тамыз аралығында жүлдегерлер Астана қаласына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалау үшін жолға аттанды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.