Сыбайлас жемқорлықты алдын алу: Қызылордалық жастар үндеу жасады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» өтті. Оған облыстағы барлық білім беру ұйымдарының оқытушы құрамы мен студенттердің және мектептердің ұстаздар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір өткізді.
null 

Шара барысында «НАРХОЗ» университетінің басшылығымен еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасы өткізу қолдау тапқан болатын.
null 

 Аталған бірыңғай сағат 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында жүргізілді.   
null 
null 

 Бірыңғай сағаттар онлайн режимде өткізіліп, әлеуметтік желілерде көрермендерге ұсынылды. Бірыңғай сағат қорытындысында оқушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға арналған өз Үндеулерін жариялады.
null 

Соңғы жаңалықтар