Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ашық диалогқа дайын - Арман Бердалин

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен ашық диалог құруға дайын. Бұл туралы осы ведомствоның жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин  Қызылордаға сапары барысында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар аясында Агенттік өкілі Қызылорда қаласы, Жалағаш және Сырдария аудандарының тұрғындарымен, оның ішінде мемлекеттік қызметшілермен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және студенттерімен кездесу өткізді.Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында ол қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Агенттіктің кадрлық саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті.

Департамент директорының айтуынша, осы жылдан бастап Агенттік мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына байланысты оқиғаларға талдау жасап, тұрақты бақылауда ұстайтын болады. Мысалға, басқарманың құрылымының өзгеруі мен қайта ұйымдастырылуы барысындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбектік құқықтары, демалыс беру және сәйкестендірілген төлемдер жасау шешімін таппақ.

Мұнан өзге ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, оларды азаматтарды мемлекеттік қызмет көрсететін институттармен тікелей қарым-қатынасқа әкелетін мүмкіндіктерді жоятын электронды үлгіге ауыстыру туралы да әңгімеледі.

Бүгінгі күні тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 447-сі «электронды үкімет» порталы арқылы қолжетімді. Бұл уақытты үнемдеуге және қызметті кез келгеныңғайлы уақытта алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, биылғы жылдан бастап азаматтарға мекен-жай, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, мүліктің жоқтығы немесе бар болуы туралы анықтамаларды мемлекеттік органдарға ұсынудың қажеті жоқ.

Арман Бердалин Агенттіктің халықпен ашық диалог құруға дайын екенін айтты.»Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер Агенттік төрағасымен оның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы тікелей байланыс орната алады»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар