Сүт безі обырына шалдыққан ақтөбелік әйелдерге имплант салынды

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақтөбеде 58 әйелден сүт безі обыры анықталды. Дерті асқынған 20 нәзік жанды көз жұмған. Ақтөбелік дәрігерлер отадан қорқып, дәрігерге қаралмайтын адамдарға имплант салу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ақтөбеде «Жаңа технологиялық күні» акциясы өтті. Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маммология орталығының басшысы Шынар Талаева келіп, үш күнде үш әйелдің омырауына имплант салып берді.

«Әйелдер омырауында ісік, жара бар екенін білсе де дәрігерге дер кезінде бармайды. Олар дерт анықталса омырауымыздан түгел айырылып қаламыз деп қорқады. Қазір жергілікті дәрігерлер сүт безін сақтап қалудың жолдарын біледі. Әйелдер үшін отадан кейін қалпына келу өте қиын екенін білеміз. Қазір омырауынан айырылғанда оның орнын толтырудың жолы бар. Имплант орнату отасы ақысыз жасалады»,- деді Ш.Талаева.

Айта кетейік, Ақтөбеде сүт безі обырының өлім көрсеткіші бірінші орынға шықты. Жыл басынан бері 50 нәзік жандыдан омырау дерті арықталып, 20 әйел сүт безі обырынан қайтыс болды. 

Соңғы жаңалықтар