Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары елге оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамыз таңғы сағат 5.25-те Алматы қаласының әуежайына Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері келді, деп хабарлайды Қазақпарат Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 7 медальмен жарысты 25-ші орында аяқтады. Біздің қоржында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.

null

"Бұл біздің құраманың Сурдлимпиада ойындары тарихында жеткен ең үздік көрсеткіші.  Аян Әбдраш 58 келіге дейін салмақта таеквондодан алтын медаль жеңіп алса, дзюдошы Шаяхмет Қанапьянов 66 келіге дейін салмақта күміс медаль иеленді. Сурдлимпиада ойындарының қола медалі 68 келіде өнер көрсететін таеквондошы Валентина Антоненкоға бұйырды, грек-рим күресінің шебері  Хайтархан Шонгу 130 келіге дейінгі салмақта мықтылығын байқатып, қола медальді қанжығасына байлады, каратэден 61 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Елена Салминаға да қола медаль бұйырды, еркін күрес шебері  Асылжан Тажиев 97 келіге дейін өнер көрстетін спортшылар арасында қола медальді ұтып алды, сонымен қатар, үстел тениисінен командалық жарыста біздің команда үшінші орынды иеленді. Қазақстан намысын 2016 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері  Данияр Ескендіров, Қанат Қонқыбаев және Гаип Данияров қорғады", делінген баспасөз парағында.
null 

Естеріңізге салайық, XXIII Сурдлимпиада ойындары шілденің 18-30 аралығында Түркияның Самсун қаласында өтті. Төртжылдықтың басты ойынына үш мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 9 спорт түрі бойынша 50-ге жуық спортшы барды. Олар еркін және грек-рим күресі, самбо, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, үстел теннисі және спорттық бағдарлама бойынша сынға түсті. 

Соңғы жаңалықтар