Суперорта салмақтағы әлем чемпионы биыл Головкинмен кездескісі келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы британдық Джеймс Дигейл (23-1-1, 14 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) алдағы таяу уақыттағы жекпе-жектерінің ықтимал қарсыластары тізіміне енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Головкин? Бұл атақты боксшымен айқас үшін ойланбай түсіп (бір салмақ төмен), орта салмақтағы атақ үшін онымен жұдырықтаса аламын. Бұл маусым айында Лондонда болғанын қалаймын», - деп келтіреді Дигейлдің сөзін Daily Mail.

Сондай-ақ Дигейлдің шорт-парақшасына Каллум Смит (22-0, 17 КО), Андре Уорд (31-0, 15 КО) жәге Джордж Гроувс (25-3, 18 КО) еніп отыр.

Головкиннің маусым айына жоспары - WBO атағына ие өзге британдық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) бірлескен жекпе-жек екенін атап өтейік.

Соңғы жаңалықтар