Сұлтанов мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне видеобақылаудың жемісі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың рәсімдеріне камералық бақылау жасаудың арқасында 180,7 млрд теңгелік заңнамаға қайшы келетін қорытынды шешімдердің күші жойылған. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Аудиторлық қызметке көшкеннен бері біздің профильдік комитет жоспарлы тексерулердің орнына тәуекелді басқару жүйесін қолдануды бастап кетті. Мәселен, есептік кезеңде 678 тексеру жүргізілді. 149,5 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның 112,6 млрд теңгесі процедуралық бұзушылықтар болса, 36,9 млрд теңгесі - қаржылық. Қаржылық бұзушылық 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82 пайызға азайды», - деді 2018 жылдың І тоқсанындағы мемлекеттік аудит саласындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндама жасаған Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуына қарағанда, бұзушылықтарды азайтудың бірден-бір құралы - мемлекеттік сатып алудың рәсімдеріне камералық бақылау жасау.

«Күнделікті осы бақылау арқылы сатып алудың жүздеген тәуекелді процедуралары онлайн-режімде қаралады. Сонымен, осы үш айдың ішінде мемлекеттік сатып алудың 192 мың рәсімі осындай «сүзгіге» түсті. Мәселен, сатып алуға қатысушыларға шектеу мен қиындық тудырып, конкурсты белгілі бір мердігерге арнап өткізуге байланысты 4 мыңнан асатын бұзушылықтарға жол берілмеді. Нәтижесінде 180,7 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың заңнамаға қайшы келетін қорытынды шешімдері күшін жойды», - дейді Бақыт Сұлтанов.

фото:infinica.ru

Соңғы жаңалықтар