Сұлтан Бейбарыс мешітіне қыруар ақша бөлінсе де, ештеңе жасалған жоқ - Жазылбеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Нұрлан Жазылбеков Мысырдағы Каир қаласында болып, Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстарымен танысып қайтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
"Мысырда жүргенде 1267 жылы ел билеушісі Сұлтан Бейбарыс салған ғибадат үйін көріп қайттық. Аталған нысанның жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. 2007 жылы Қазақстан Мысырмен арадағы келісімнің негізінде мешітті қалпына келтіру жұмыстарына 4,5 млн. доллар бөлген болатын. Ақша бөлінді, бірақ тиісті жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Мешіттің қазіргі жағдайын өз көзімізбен көргеннен кейін Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс атындағы қордың жетекшісі Сапар Ысқақовтың алаңдаушылығы орынды деп санаймыз. Біздің үкіметке осы мәселені бақылауға алу қажет. 10 жылдың ішінде ештеңе істелінген жоқ. Сондықтан осыны жіті қадағалауға алған жөн", - деп жазды Н.Жазылбеков өзінің Фэйсбук парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, Сұлтан Бейбарыстың ұрпағы - Самиа Бейбарыс та осы мәселенің шешілуін қалайды. Бүгінде ол Араб елдері лигасында департамент басшысы қызметін атқарып жүр.

null  
null  

Айта кетейік, 2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мысырға жасаған ресми сапарынан кейін Каирдегі Сұлтан Әл-Заxыр Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру туралы келісім заңды түрде  бекітілген еді. Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан қайтарымсыз негізде 4,5 млн. доллар бөлсе, Мысыр жағы 20 млн. долларды өз мойнына алған.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар