Сүлейменов ЭКСПО Қазақстанның баға саясатына қалай әсер ететін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астанада халықаралық ЭКСПО  көрмесі еліміздің баға саясатына қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынымды айтсам, ЭКСПО көрмесі Қазақстандағы баға нарығына қатты әсер етеді деп ойламаймын. Тек қонақ үйлер мен мейрамхана, туристік нысандардағы баға көтерілуі мүмкін. Алайда, ЭКСПО кезінде дүкендердегі азық-түлік бағасы қатты артады деп ойламаймын. Өйткені, туристердің көбі дүкен емес, көңіл көтеру орындарын, мейрамханаларды, туристік нысандарды көп аралайды ғой»,-деп жауап берді министр.

Министрдің айтуынша, ЭКСПО көрмесі, керісінше, жеміс-жидектің бағасы арзандайтын маусымда өтеді. «Яғни, оңтүстік өңірлерде жеміс-жидек пісіп, орталыққа, солтүстік өңірлерге көптеп сатылған соң, баға арзандайды. Сондықтан, туристердің арқасында шағын және орта бизнес, яғни, қонақ үйлер мен мейрамханалар табыс табады»,-дейді Сүлейменов.

Айта кетейік, ЭКСПО халықаралық көрмесі 10 маусымда басталып, 10 қыркүйек күні жабылады.

Соңғы жаңалықтар