Сүлеймен Демирель университетінің студенттері киелі жерлердің мобильді қосымшасын құрастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жас өнертапқыштар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнап мобильді қосымша құрастырды. 

Жаңа жобаны Сүлеймен Демирель университетінің 3-ші курс студенттері ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Бұл қосымшада еліміздің сокралды жерлері туралы мағлұматтар енгізілген. Бағдарлама белгілі бір нысан туралы ақпарат беріп қана қоймай, оған барар жолды сызып көрсетіп береді. Қазіргі таңда қосымшаға бір ғана Алматы облысының 36 тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталған. Алдағы уақытта бүкіл Қазақстанның сакралды жерлері туралы ақпараттармен толықтырылатын болады.

«Егер қосымшаны Қазақстан аумағынан тыс жерде қолданушылар табылып жатса, біз ол жағын да қарастырып қойдық. Бағдарлама 3 тілде жұмыс істейтін болады. Ол - қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Аударма жұмыстарымен университеттің филология факультеті айналысып жатыр», - дейді жобаның жетекшісі Бақтияр Рахматоллаев.

Ай-ти мамандары қосымшаны ISO және Android платформаларына лайықты етіп құрастырған.

Соңғы жаңалықтар