Суданда Ресей елшісі өлі күйінде табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Судандағы Ресей елшісі Миргаяс Ширинский сәрсенбі күні өмірден өтті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«23 тамыз күні Хартумда Ресей елшісі Миргаяс Ширинскийдің өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Ондағы РФ елшілігі қызметкерлерінен елшінің өлімі туралы толыққанды ақпарат алысымен нақты хабар тарататын боламыз», - делінген агенттіке берілген РФ СІМ Ақпарат және баспа департаментінің хабарламасында.

 Судандағы РФ елшілігінің баспасөз хатшысы Сергей Коняшин «Россия 24» телеарнасынан хабарлағандай, елшінің денесі табылғанда одан жүрек талмасынан қайтыс болу сипаттары байқалған. Дереу дәрігерлер шақыртылғанымен, елшіні құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Миргаяс Ширинский 1954 жылы туған. 1991-1993 жылдары Йемендегі РФ елшілігінде кеңесші-елші, 1993-1996 жылдары Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) Ресейдің Бас консулы қызметін атқарған. 2006-2013 жылдары ол Руандада елші болды. 2013 жылдың соңына қарай Судандағы елші қызметіне тағайындалған. 

Соңғы жаңалықтар