Судьялар да сенбілікке қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми ведомствоның 45 судьясы мен 200 қызметкерді бастап елорда әкімдігі ұйымдастырған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жоғары сот органының өкілдері 200-ден астам қайың, шырша, алма, мамыргүл, терек көшеттерін, сондай-ақ 200-ден астам тал-шілік отырғызды.

«Сенбіліктерге қатысқан сайын елорданы гүлдендіру мен абаттандыруға менің аз да болса қосқан үлесім бар екенін білгенде кеудемді мақтаныш сезімі билейді. Бұл күнді көпшілігі еңбектің салтанаты, туған қалаңа деген махаббат ретінде қабылдайды. Мен осы жерде туып өскен астаналық емеспін, бірақ елордамыз, оның құбылмалы ауа райы маған ұнайды. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызды таза ұстауға шақырамын!», - деді Жоғарғы Соттың судьясы Ербол Рахымбеков.   

Айта кетейік, бүгін Астанада шамамен 6 750 ағаш отырғызылды. Шара аясында «Таза өзендер!» экологиялық акциялары ұйымдастырылып, Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Елордада экологиялық айлық акциясы 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар