Су тасқыны: Үржардағы қауіпті аймақтар тікұшақпен бақыланды

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлерінен құралған топпен бірге аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитов МИ-8 тікұшағымен Үржар ауданындағы су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарабұта, Көлденең, Көктерек, Келдімұрат, Еміл, Шағантоғай, Қатынсу, Құсақ, Шошқалы өзендері бойындағы Науалы, Үржар, Мақаншы, Келдімұрат секілді елді мекендерге тексеру жүргізілді.

Соның ішінде Егінсу мен Қарақол су қоймалары және 6 су тарату торабы қаралды. Бұл нысандар қалыпты жұмыс жасауда.

«Ауданға қарасты барлық елдімекендерді тікұшақпен аралап шықтық. Қауіпті жерлер анықталған жоқ. Десе де, апаттың айтып келмейтінін ескерсек, сақтық шараларына мейлінше мұқият болған артық етпес. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша аудандық бюджеттің резервінен 20699,0 мың теңге қарастырылды. Төтенше жағдайда 24 тонна дизель отыны, 9 тонна бензин, 400 литр дизель отыны бар.  Бүгінгі күні қар жамылғысының биіктігі жазық жерде 13 см, тауларда 68 сантиметрді құрап отыр. Топырақтың қатып қалуы 59 см. Қазіргі күні ауданда тасқынның алдын алу бойынша жұмыстар қолға алынды», - дейді аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитов. 

null null null null null null   

Соңғы жаңалықтар