Студент қыз әкесінен алимент өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қалалық сотында оқуға түскен студент қыздың арызы қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысында С. есімді қыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлімінде оқып жүргенін жеткізген. Сол себепті жұмыс істей алмайды. Күнделікті өміріне ақша жетіспейді. Жалғыз анасына онсыз да үлкен салмақ түсіп отыр. Осыған байланысты бойжеткен оқуы аяқталғанша әкесінің алимент төлеп тұруын талап етті.

«Сот азаматтық іс материалдарын зерделеп, арыз берушінің талабын жартылай қанағаттандырды. М. есімді азаматтан С.-ның пайдасына 2017 жылдың 23 қазаны мен 2021 жылдың 31 мауысымы, яғни оқу аяқталғанша 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп алуды шешті», - делінген соттың ресми xабарламасында.

Соңғы жаңалықтар