Стоилов Венгрия мен Болгарияға қарсы ойнайтын футболшыларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын футболшыларымыздың тізімін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы Венгриямен 23 наурыз күні Будапешт қаласында кездеседі. Ал 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен ойнайды.

Венгрия мен Болгарияға қарсы ойнайтын ұлттық құраманың тізімі:

Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де - «Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы - «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы - «Қайрат»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы - «Астана»), Сергей Хижниченко, Еркебұлан Тұңғышбаев (екеуі де - «Ордабасы»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).

Резерв:

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко (екеуі де - «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

Айта кетейік, Премьер-лиганың екінші турының ойындарынан кейін Ұлттық құраманың сапында өзгерістер болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар