Стоилов басқа клубты жаттықтыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Станимир Стоилов жақын арада Праганың "Славия" командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды SPORTINFORM САА .

Осыдан бір апта бұрын болгариялық маман "Славияны" УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырған еді. Дәл осы ойыннан кейін Прага клубының басшылығы жаңа бапкердің кандидатурасын қарастыра бастады. 

"Славияның" қытайлық инвесторлары клубтың бәсекеге қабілетті, Еуропада алдыңғы қатарлы ұжымдардың сапына енеді деген үмітпен аз қаражат құймады. Алайда, чех командасы ішкі біріншілікте "Виктория Пльзеньннен" 14 ұпай қалып, чемпиондықты беріп қойды десек те болады. Ал, Еуропа лигасындағы көрсеткішін біз айтпасақ та жақсы білесіздер. Еурокубокпен қоштасқан сәттен бастап клуб басшылығы Станимир Стоиловпен байланысып, оған ұсыныс жасаған. 

Бізге мәлім болғандай, болгариялық бапкердің "Астанамен" келісімшарты аяқталып қалды, ал клуб басшылығы жаңа ұсыныс жасауға әлі асығар емес. "Славия" командасының функционерлері мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей, білікті бапкерді өз қатарларына қосып алғысы келеді. 

Соңғы жаңалықтар