Степногорскідегі күкірт қышқылы зауыты толық қуатына шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қаласындағы күкірт қышқылы зауыты толық қуатына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт директоры Төлеужан Жексембаевтың айтуынша, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС болып қайта құрылған болатын. Жаңа кәсіпорын отандық шикізат- кесек күкірт қышқылын өндірумен айналысады.  

«Кәсіпорында 2015 жылдың соңында алғашқы күкірт қышқылы өндіріле басталды. Ал,  2016 жылдың аяғында зауыт жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын өндіру бойынша толық қуатына шықты»,-  деді Төлеужан Жексембаев.

Құны 13,3  миллиард теңге тұратын инвестициялық жобасы еліміздегі 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД бағдарламасы және 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Күкірт қышқылы зауытын қалпына келтіру 222 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Жұмысшылардың орташа айлығы 154 526 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының дерегі бойынша, облыс аумағында 2015-2017 жылдар аралығында құны 815,2 миллиард теңгеге 110 жоба жүзеге асырылған. Осының арқасында 13 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар